Алматыда Армениядан әкелінген қанша көлік тіркеуден өткен жоқ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Армениядан әкелінген 165 көлік әлі тіркеуден өткен жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы Алматы қаласының аумағына Армениядан 501 автокөлік әкелінген. 2020 жылдың 14 тамызындағы жағдай бойынша тіркелмеген 165 көлік қалды. Полиция департаментінің Call-орталығының қызметкерлері Армениядан әкелінген автокөлік құралдарын тіркеу шарттары туралы хабардар ету үшін көлік иелеріне қоңырау шалды. Естеріңізге сала кетейік, бұл науқан осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады», – деді Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, ол Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу үшін қанша қаражат кететін айтты.

«Тіркеу шарттары мен көліктерге қойылатын талаптарға келер болсақ, олар барынша оңай жасалған. Ең бастысы Армениядан әкелінген көліктер 1 қыркүйекке дейін тіркеуден өтуі тиіс. Тіркеу кезіндегі міндетті төлемдерге келетін болсақ, үш төлем бар: тіркеу үшін алым – 695 теңге, техникалық паспорт үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы 11 946 теңге», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы.


Соңғы жаңалықтар