Алматыда архивтанудан олимпиада өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің архиві 8 сәуірде архивтанудан олимпиада өткізеді. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Білім додасы «Ұлт жоспары  бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру шеңберінде  студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өтеді.

Ұйымдастырушылар архив мамандығына жастардың қызығушылығын арттыруды көздеп отыр.

Оған архив ісі бойынша маманданған, тарих факультетінің студенттері қатысады. 

«Индустрализация және экономикалық өсім» институционалдық реформасын іске асырудың маңызды бір бөлігі - даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру (79 қадам). Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Архивте тұрақты түрде бірқатар жоғарғы оқу орындарының тарих факультетінің студенттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастырылады, оқу залында студенттер дипломдық және курстық жұмыстарын жазу үшін архив құжаттары бойынша зерттеулер жүргізеді, архивтің әр түрлі іс-шараларына қатысады, соның ішінде тарихи-құжаттық көрмелер, дөңгелек үстелдер, белгілі зерттеуші тарихшылармен кездесулер ұйымдастырылады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар