Алматыда ардагерлерге берілетін біржолғы жәрдемақы екі есе ұлғайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар Жеңіс күніне орай төлем алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Бүгін, 6 мамырда, Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай қаланың барлық ардагерлері 1 млн теңге көлемінде бірреттік төлем алды.

Бүгінде Алматыда 75 ардагер тұрып жатыр.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 1592 тұрғынға және басқа мемлекет аумағындағы ұрыс қимылдарының 2870 ардагеріне 100 мың теңге мөлшерінде бірреттік материалдық көмек көрсетілді.

Жеңіс күніне орай төлем алушылар тізіміне соғыс кезінде тылдағы қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған 9370 тыл еңбеккері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 455 жесірі кірді.

Олар үшін бірреттік материалдық көмек мөлшері - 50 мың теңге.

Жеңіс күніне орай материалдық көмек Алматы қаласының әкімдігі бекіткен тізімдер бойынша өтініштер талап етілмей төленді. Бүкіл төлемдерді 14 362 адам алды.

Еске салсақ, биыл ардагерлерге төленетін біржолғы төлемақы сомасы екі есе – 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ұлғайды.

Осыдан соң мәслихат депутаттары Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVIII сессиясында қала басшысының ұсынысын қолдады.


Соңғы жаңалықтар