Алматыда Арбаттағы асхана сүрілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Арбаттағы «Компот» асханасын сүру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, асхана иелерінің жерді жалға алу мерзімі аяқталған. Асхана орналасқан жер учаскесін «Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қор» 2016 жылдың 27 наурызына дейін жалға алған.

«Жерге мемлекеттік акті жоқ, бекітілген жоба бойынша сараптама, құрылыс-монтаждау жұмыстарын ескертетін талон жоқ, құрылыс авторлық, техникалық бақылаусыз салынған», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Олжас Төлебаев асхана жалға алған жердің мерзімі аяқталғаны тексеріс нәтижесінде белгілі болғанын айтты.

«Тексеру нәтижесінде жерді жалға алу мерзімі 2016 жылдың 27 наурызында біткені анықталды. Заң талаптарының бұзылуына байланысты, ҚР ӘК-нің 319-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осыдан кейін материал Алматы қалалық мамандандырылан ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Үстіміздегі жылдың 20 ақпанында сот заңсыз құрылыс нысанын сүріп тастауға қаулы шығарды», - деді ол.

Еске сала кетейік, наурыз айының басында Арбаттағы LED-экранды құрылғы құлатылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар