Алматыда Арбат маңында өрт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бос түрған дүңгіршек өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

«Алматы қаласы бойынша ТЖД-нің 101 пультіне сағат 11-14-те Алмалы ауданы Абылай хан көшесінде (Мақатаев көшесінен жоғары) дүңгіршек өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер сағат 11-23-те жетіп, 11-25-те жалын ауыздықталған. 11-26-де толығымен сөндірілді», делінген хабарламада. 

ТЖД мәліметі бойынша, жапа шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар