Алматыда аптаның аяғында - 20 градус аяз болады - Қазгидромет

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 8 желтоқсанға қарай 20 градустық аяз болады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне «Қазгидромет» РМК жетекші инженері Арзыгүл Илиева айтты.

Оның айтуынша, бүгін Алматы аумағында жауған қар ертең саябырсиды. Ертең ауа температурасы күндіз 0,-5 градус болса, түнде -5,-10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 6 желтоқсанда жауын-шашын болмаса да күндіз 2,3 градус жылы, түнде -2,-7 градус аяз болады.

Ал 7 желтоқсанда, яғни жексенбі күні Еуропа мен Ресейден келетін циклонның ықпалымен Алматыда ауа райы күрт суытады.

«Қалың қар, көктайғақ, аяз бен күшті жел соғуы ықтимал. Түнде ауа райының температурасы -20 градусқа дейін жетеді», - деді «Қазгидромет» РМК жетекші инженері Арзыгүл Илиева.

Соңғы жаңалықтар