Алматыда әпкелі-сіңлілі әйелдерді көлік қағып кетіп, бірі есін жимастан қайтыс болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әпкелі-сіңлілі әйелдерді көлік қағып кетті. Жол апаты түнгі 23:50-де болған.

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Алматы-Құлжа тас жолымен келе жатқан Toyota Ipsum көлігі екі келіншекті соғып кеткен. Олар тыйым салынған жерден жүгіріп өтуге тырысқан. Айта кету керек, аталған тас жолда көшені жарықтандыру жүйесі орнатылмаған.

Олардың бірі - 34 жастағы әйел миына зақым келіп, 4-ші қалалық ауруханада жатыр. Оның 40 жастағы әпкесі облыстық ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

«40 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді С.Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар