+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда әпкелі-сіңлілер пирамидалық чат құрған

2020 жылғы 19 қазан 11:06
Бөлісіңіз:
Алматыда әпкелі-сіңлілер пирамидалық чат құрған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының тумалары пирамидалық чат құрып, ақша жымқырумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда үш бала мен анасының жұмбақ өліміне қатысты мәлімет шықты Семейде көпқабатты үйге лифт орнатамын деп көршілерінен 1 млн теңге жинаған алаяқ ұсталды Елордада ер адам өзі жалдаған пәтердегі теледидарларды ломбардқа өткізіп жіберген

Олар қаржылық чатта жиналғандардың ақшасы көбейіп отырады деп алдаған.

Шын мәнінде салымшылардың ешқайсысы ақша алмаған.

«Біздің бөлімшенің тергеушілері WhatsApp арнайы қаржылық пирамида чатын құрған әпкелі-сіңлілердің ісін тергеп жатыр. Олар салымшыларға ірі көлемде табыс түседі деп алдаған. Қыздар әлеуметтік желіде мүмкіндік іздеген, табысқа мұқтаж адамдарды іздеген. Танысқаннан соң өздерінің бизнес жобасымен ақша табуды ұсынған. Олармен сенімді қатынас орнатқан соң ай сайын тұрақты табыс табу5а болатындығн айтқан. Бастапқыда 100 мың теңгеден кем салмаған жағдайда 1 айдан соң 150 мың теңге табыс түседі деп уәде еткен. Ақша арнайы шотқа түскен соң ешкімге қайтпаған. Осылайша табыс таппаған 76 адам полицияға арызданды. ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімімен тергеу ісі басталды», - деді Медеу аудандық ПБ басшысы Дәурен Өтебаев.

Қыздардың әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса 254-48-02; 254-48-09 немесе 8-700-379-79-09 нөмірлеріне хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT