Алматыда апатты үйде тұрған 96 отбасы жаңа баспанаға көшті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қаладағы тозығы жеткен тұрғын үйлердің 40 пайызы Түрксіб ауданында орналасқан. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 1930-1975 жылдар аралығында салынған екіқабатты 1229 ескі үй бар. Олардың көпшілігі Түрксіб ауданында (594 үй) орналасқан.

«Биыл 12 апатты үйден 96 отбасы жаңа баспанаға көшті», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Әкімдік мәліметінше, қазір 211 пәтерлік сегіз көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Төрт үй 2022 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі, қалған көпқабатты төрт үйдің құрылысы 2023 жылы аяқталады.

Бұған дейін Алматыда апатты үйлер тұрғындардың 100% келісімімен бұзылатыны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар