Алматыда апатқа ұшыраған екі көлікті де әйел басқарған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатына ұшыраған екі көліктің де жүргізушісі әйел адамдар болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жол-көлік оқиғасы Райымбек көшесінен солтүстікке қарай Момышұлы көшесінің бойында болды. «Volkswagen» маркілі көлігі Момышұлы көшесінің бойымен оң жақтан солтүстікке қарай бет алып бара жатқан. Тап осы бағытта сол жақта «Мitsubishi Лансер» көлігі кетіп бара жатқан болатын.

«Volkswagen» жүргізушісінің айтуынша, «Мitsubishi Лансер» көлігінің жүргізушісі аяқ астынан сол жақтан оң жаққа бұрылып кетпекші болған. Алайда, уақытында бұрылып үлгермей, көлігінің арт жағын ұрып алған. Соққыдан көлік аударылып қалды. «Мitsubishi» көлігінде әйел мен үш бала отырған. Олардың барлығын ауруханаға жөнелтті, әйел болса, балаларымен бірге кетті. «Volkswagen» көлігінде әйел жүргізуші баласымен және атасымен отырған. Оның атасы ауруханаға жөнелтілді, баласы аман.

Соңғы жаңалықтар