Алматыда апалы-сіңлілі қыздар 25 жыл құжатсыз өмір сүрген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда апалы-сіңлілі қыздар 25 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдердің Қазақстан азаматы екендігін растайтын құжаты болмаған.

«Бір ай бұрын Бостандық ауданы полиция басқармасының көші қон қызметіне әйелдердің туыстары құжат рәсімдеуге көмек сұрап жүгінген. Қыздар ата-анасы Кореяға кеткен соң ұзақ жылдар бойы әжесімен тұрған. Олардың қолында туу туралы куәлігінен басқа жеке басын куәландыратын басқа ешқандай құжат болмаған. 16 жасқа толған соң отбасылық проблемаларға байланысты әрі тұрғылықты мекенжайы болмаған соң қыздар құжат рәсімдемеген. Олар тұрмысқа шығып, балалы болған соң да ешқандай жәрдемақы, жөргекпұл ала алмаған. Әрі балаларына туу туралы куәлік рәсімдей алмаған. Қыздардың құжаттарын қарай келе Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы заңының 3-бабымен олардың сол елдің азаматы екенін растайтын құжат рәсімдеу туралы шешім шығарылды», - деді ПД Көші-қон басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Полиция қызметкерлері жақында әпкелі-сіңлілерге құжаттарын тапсырды.



Соңғы жаңалықтар