Алматыда апалы-сіңлілерді өлтірген күдікті ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда криминалды полиция қызметкерлері екі әйелді пышақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ер адам тағы бір қызды өлтіргенін мойындаған.

«Ұсталған адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыс арақ ішудің кесірінен болғаны  анықталды. Ал 23 жастағы қызды 1983 жылы туған Замаддин Палтуев ақша үшін өлтірген», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, Алматыда қанішердің қолынан апалы-сіңлілілердің қаза тапқаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз . Оқиға бойынша 34 жастағы ер адамға іздеу жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар