+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматыда антитеррор талаптарын елемеген нысан басшыларына айыппұл салынды

2020 жылғы 18 қыркүйек 17:44
Бөлісіңіз:
Алматыда антитеррор талаптарын елемеген нысан басшыларына айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үш нысанның басшысына антитеррорлық қорғаныс талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, мегополисте террористік тұрғыда осал объектілердің инженерлік - техникалық бекінісі бойынша нысандарда тексеру шаралары жүргізілді. Мұндай тексерулер еліміздің «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі заңының 10-3 бабы талаптарына сәйкес және Үкіметтің 2015 жылғы 03 сәуірдегі «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысы негізінде жүзеге асырылады.

«2020 жылдың басынан бері Алматыда террористік тұрғыдан осал 127 нысан тексерілді. Оның нәтижесі бойынша 98 нысанның басшыларына кемшіліктерді жою туралы ескертпе қағаздары берілді және үш нысан басшыларына ҚР ӘҚбК 149-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасалды. Тексеру нәтижесі бойынша 29 нысан антитеррорлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті өкілі Мәулен Қасымжан.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты террористік тұрғыдан осал нысан басшылары мен жеке құрамы арасында нысандарды антитеррорлық қорғау және олардың осы саладағы міндеттемелерді сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Әдістемелік ұсыныстар мен жадынамалар терроризмге осал нысандардың басшылары мен жұмысшыларына Ішкі істер министрлігі әзірлеген қауіп немесе терроризм актісі кезіндегі іс-әрекет ережелері бойынша электронды форматта жіберіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT