Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жүрген 39 жастағы азамат Қанат Қоржыбаев (бұрынғы тегі Құралұлы) ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қанат Қоржыбаев Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденді. Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Құржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін», - делінген хабарламада.


Фото: t.me/antikornews
Соңғы жаңалықтар