Алматыда «Аман келешек» инклюзивті фестивалі өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған «Аман келешек» VI Республикалық инклюзивті фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл «Аман келешек» фестивалі жаңа форматта өтті. Іс-шара дарынды жас қазақстандықтардың және эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламамен басталды. Кішкентай бишілер хореографиялық номерлерді орындады.

«Аман келешек» фестивалінің негізгі мақсаты - қазақстандық қоғамда кең инклюзивтік көзқарасты ілгерілету. Бұл жоба «инклюзия» ұғымын әртүрлі тұрғыдан ашуға мүмкіндік береді. Өйткені бүгінде көпшілікте инклюзия даму ерекшеліктері бар адамдарды белсенді қоғамдық өмірге тартуды ғана көздейді деген сенім қалыптасқан, бірақ инклюзиянің құралдары көп. Біздің міндетіміз, ересек адамдар, басқалар сияқты дүниеге келмеген балаларға қатысты дұрыс қолдануды үйрену. Сондай-ақ, ерекше құрдастарымен қарым-қатынас жасай алатын, сонымен қатар кез келген жағдайда өздері де көмектесетін инклюзивті ортада нормотипті балаларды тәрбиелеу. Ал барлығы ойындардан, мастер-класстардан және эстафеталардан басталады. Сондықтан да «Аман келешек» фестивалі үлкен интерактивті алаң болып табылады, онда әрбір бала өзін қоғам үшін маңызды және қажетті сезінеді. Әркім өзінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, өзінің әлеуетін сезінетін, өзінің дарындылығын дамыту мүмкіншілігін тапқан, ерекше қабілеттерін көрсететін ел бәсекеге қабілетті бола алады», — деп атап өтті Алматыдағы Тұңғыш Президент Қоры өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров.

Фестиваль қатысушыларын, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин құттықтады.

«Мен осы шараға қатысып жатқан барлық балаларды құттықтаймын. Менің ойымша, Қазақстанда балаларды шабыттандыратын, оларға өздерін көрсетуге, таланттарды ашуға, бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік беретін мерекелердің көп болуы керек. Мұндай жобалар көптеген концерттер мен көпшілік іс-шараларға қарағанда әлдеқайда пайдалы. Ал мұнда әрбір бала өздерімен бірге үлкен тәжірибе, жаңа танысулар, шабыт алып, келесі жылы фестивальге қатысуға тырысады», - деді Аружан Саин.

Шараның екінші бөлімі үш негізгі тақырыптық блоктан тұрды – білім беру, шығармашылық және спорт.

«Білім» секциясында даму ерекшеліктері бар балалар инклюзивті білім алуға бағытталған қазақстандық ЖОО туралы білді. Университет өкілдері оқу гранттары бағдарламасын таныстырды, сондай-ақ болашақта мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін көрсете алатын мамандықтар туралы әңгімеледі.

«Шығармашылық» алаңда барлық тілек білдірушілер үшін инклюзивті бағдарламалар негізінде сурет және кескіндеме, қағаз үлгілеу, сәндік-қолданбалы өнер және флористика сияқты төрт бағыт бойынша шеберлік сабақтар өткізілді. Әр жастағы балалар өздерінің тәлімгерлерімен әр түрлі аппликациялар жасады.

«Аман келешек» фестиваліне, еліміз бойынша үш мыңға жуық бала қатысты.

Соңғы жаңалықтар