Алматыда алтыншы рет «FourЭ» эко-этнофестивалі өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар VI халықаралық эко-этнофестивалін өткізуге дайындалып жатыр. Мәдени шара 14-16 тамыз аралығында Алматы облысы Космос ауылында өтеді.

Фестивальдің биылғы ұраны «fourЭ 4ever». Орта Азиядағы ең ауқымды эко-этнофестивальге 10 000 адам келеді деп болжанып отыр. «Фестиваль 4 бағытта өтеді. Этно-кеңістікте қатысушылар ұлттық музыкамен сусындаса, Эво-кеңістікте тән және рухани дамудың шеберлерінен шеберлік сабақтарын алуға болады. Эмо-кеңістікте балаларға арналған дамыту сабақтары, ойындар ұйымдастырылады. Эко-кеңістіктен келушілер eco handmade gifts көрмесін тамашалап, қолөнер бұйымдарын сатып ала алады. Биыл оған ADD кеңістігі қосылады. Мұнда би, спорттық ойындар, сайыстар, cross fit тағы басқа шаралар ұйымдастырылады», - делінген қалалық мәдениет басқармасының баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар