+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Алматыда алтыншы мамандандырылған ХҚО ашылды

2019 жылғы 10 қыркүйек 13:21
Бөлісіңіз:
Алматыда алтыншы мамандандырылған ХҚО ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда күніне 6000 қызмет көрсететін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
19 қазан күні Қазақстанда өтетін шараларға шолу Қостанайлық полицейлер тұрғындарды «жолда» қабылдады Қазақстандық әуе компаниялары жаңа халықаралық рейстер ашпақ

Жаңа авто ХҚО қаладағы басқа мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесін азайтып, қызметтердің сапалы әрі жылдам көрсетілуіне мүмкіндік береді.

«Біз алматылықтардың өтінішін ескеріп, авто ХҚО-дағы қызмет алушылардың көптігіне байланысты проблеманы шешу үшін осы өңірде тағы екі авто ХҚО ашып отырмыз. Еліміздегі ең үлкен автобазар Алматыда, өзге облыс орталығының көлік иелері де осында құжаттарын жасатып, сатып алған көліктерін қайта тіркеп жатады. Жаңа орталық оларға автоқызметтерді алу ретін жеңілдетеді», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

№6 мамандандырылған ХҚО Алматы қаласының Кемел шағын ауданы, Ақсуат көшесі 118 мекенжайында ашылды. Орталықтың жалпы аумағы 1000 шаршы метр. Орталықта 30 қызмет үстелі бар, қосымша өзіне-өзі қызмет көрсету залы қарастырылған. Орталықтағы күту залы 200 орынға арналған. 300 көлікке арналған автотұрақ жұмыс істейді. Жаңа орталық №1 және №2 авто ХҚО жүктемесін 30 % азайтады.

«Айта кетейік, еліміздің барлық облысында мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Көлік иелері онда жүргізуші куәліктерін ауыстырып, көліктерін қайта тіркеуге қойып, жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыра алады. Алғашқы екі қызметті авто ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн алуға болатынын да ескертеміз. Ол үшін көлік иесінің электронды цифрлық қолтаңбасы болу керек», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT