Алматыда «Алтын жүрек» сыйлығының үміткерлері белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биылғы «Алтын жүрек» сыйлығының номинанттарының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Биыл altynzhurek.kz сайтына Қазақстанның түкпір-түкпірінен өтініштер түскен.

Осылайша сарапшылар кеңесі 12 аталым бойынша 36 номинанттың есімін іріктеп алды.

Айта кету керек, биыл лауреаттарды саясаттанушы Расул Жұмалы, кинорежиссер Катерина Суворова, «Mary Kay Kazakhstan» бас директоры Константин Кулинич, бизнес-леди, қайырымдылық жобаларының авторы Виктория Моминбаева, «EcoKultura» қорының басшысы, әлеуметтанушы Алеся Нугаева бағалайтын болады.

Лауреаттардың есімі 27 қазанда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында жарияланатын болады.

Номинанттар қатарында:

 «ҚР дамуына үлес қосқаны үшін»

1. «Damiani» зергерлік бренді (Италия)

2. Ольга Батутина мен Илья Байбулатов (Мәскеу, РФ)

3. Виктория Акатьева-Костылева (Санкт-Петербург, РФ)  

«Білім саласына қолдау көрсеткені үшін»

1. Елдар Әбдіразақов (Алматы)

2. Асылбек Қожахметов (Алматы)

3. Samsung Electronics Central Eurasia (Алматы)  

«Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін»

1. Роза Алимханова (Қарағанды)

2. Айнұр Тажина (Астана)

3. Иманғазы Ибатұлы (Атырау)  

«Ардагерлерге қамқорлығы үшін»

1. «Казхром» Трансұлттық компаниясы АҚ (Ақтөбе)

2. Сейдахмет Қалтаев (Тараз)

3. Сырым Пердебаев (Қарағанды облысы, Приозерск)  

«Жыл ұйымы»

1. «Харекет» қайырымдылық қоры (Алматы)

2. «Дети Рисуют Мир» қоғамдық қоры (Алматы)

3. «Рахат» АҚ  (Алматы)  

 «Ақпараттық қолдау  үшін»

1. «Tengrinews» жаңалықтар порталы (Алматы)

 2. «КТК» арнасы (Алматы)

3. «wwww.bestdoctor.kz медпорталы (Астана)  

«Жыл меценаты»

1. Алпамыс Шаримов (Орал)

2. Бағдат Самединова (Алматы)

3. Сергей Глушков (ШҚО)   

 «Спорттың дамуына қолдау көрсеткені үшін»

1. Марат Итеғұлов (Актөбе)

2. Александр Винокуров (Алматы)

3. Арман Машимов (ШҚО)   

9. «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін»

1. Айжан Сқақова (Алматы)

2. «Тазалық» экологиялық жобасы (Алматы)

3. «Теле 2 Казахстан» (Алматы)   

«Жетімдерге көмек көрсеткені үшін»

1.Анар Ахметчина (Ақтөбе)

2. Андрей Савчук (Астана)

3. Гүлнар Қабылбекова (Алматы облысы) 

«Жылдың ең қайырымды азаматы»

1. Болат Өтемуратов (Алматы)

2. Александр Касицын (Павлодар)

3. Қайрат Құдайбергенов (Алматы)  

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсеткен көмегі үшін»

1. «Смелость быть первым» қоры  (Алматы)

2. Нұржан Әлжанова (Алматы)

3. «Шинхан Банк Казахстан» АҚ (Алматы)

Соңғы жаңалықтар