Алматыда «Алмалы КZ» балалар шығармашылығы фестивалі өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Наурыз мейрамы «Алмалы КZ» балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концертімен жалғасуда.

Мұнда еліміздің әр аймағынан, шетелден келген жас әншілер өнер көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, былтырғы фестивальдің жеңімпазы атанған Жанна Хван «Қазақ елі» әнімен концерт шымылдығын ашса, Ұлттық дельфий ойындарының лауреаты,астаналық Мұхамедәлі Жүгінісов «Наз қоңырды» нәшіне келтіре шырқады. Мәскеуден келген қатысушы Наргиза Раимова француз туындысын орындаса, Зұлхан Аружан «Улетай тучи» әнін ұсынды.

Айта кетер жайт, бұл шарадан кейін Алматы тұрғындары JCS тобының концерті мен «Nomad» каскадерлерінің шоуын тамашалайтын болады.

Сондай-ақ жұртшылықты лотерея ойындары мен түрлі қызықты викториналар күтіп тұр. Мерекелік кеш отшашумен аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар