Алматыда Алмалы ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алмалы ауданы әкімі тағайындалды. Аталған лауазымға қала əкімі Жасұлан Естеновтың кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VІ шақырылымының кезектен тыс ІІІ-сессиясында белгілі болды.

«Сіздердің назарларыңызға Алмалы ауданының əкімі ретінде Жасұлан Тоққожаұлы Естеновтың кандидатурасын ұсынып отырмын. Жасұланды алматылықтар жақсы біледі. Қазақ ауылшаруашылығы институтын бітірген. Мемлекеттік қызметте ұзақ жылдық тəжірибесі бар. 1999 жылы  салық комитетінде қызметтен бастаған. Алмалы аудандық қаржы бөлімін ұзақ жыл басқарған. Сондай-ақ, Ақмола облысы əкімінің орынбасары ретінде облыстың көріктендіру, бизнесті қолдау мəселелерін шешіп келген»,- деді Б.Байбек.

Жиынға қатысқан 34 депутаттың барлығы əкім ұсынған үміткерді бірауыздан қолдады.

Айта кету керек, Жасұлан Естенов - 45 жаста. ҚР Президенті Әкімшілігінде істеген. Бұған дейін Алмалы ауданы әкімінің орыбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, осы лауазымда үш жыл қызмет атқарған ауданның бұрынғы әкімі Серік Құсайынов Мәжіліс депутаты болып сайланған еді. 

Соңғы жаңалықтар