Алматыда алма бағын өртеп жібере жаздаған адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы тау бөктерінде шыққан өртке себепкер болған адам анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

43 жастағы ер адам Бостандық ауданының Бақтыгереев көшесіндегі үйіне қоршау жасамақ болған.

«Ол өз кінәсін мойындады. Қоршау жасайтын темірдің электр құралымен кеспек болғанда, құрғақ шөпке ұшқын тиген. Соның кесірінен 0,8 га аумақ өртенді. Алайда ол өртті сөндіруге тырыспаған. Өрт сөндірушілерді басқа адамдар шақырған. Соның арқасында 20 га аумақтағы бақты өрттен сақтап қалдық», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Ер адам салғырттығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, бүгін Бостандық ауданында аумағы 20 гектар алма бағы мен саяжай үйлері өртеніп кете жаздады. Ал, кеше Медеу ауданындағы Болай тауында (Мохнатка) өрт шыққан болатын.



Соңғы жаңалықтар