Алматыда аллергоорталық ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жекеменшік аллергоорталық ашылды.

«Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар қауымдастығы» қоғамдық ұйымының президенті Жанат Испаеваның айтуынша, орталық заманауи диагностикалық технологиялармен қамтылған.

«Аллергологияда қазір ең басты бағыттардың бірі - молекулярлы аллергология, рекомбинантты аллергендерді диагностикаға енгізу, аллерговакцинация. Мұнда осы бағытты дамытуға қажетті заманауи технологиялар бар. Болашақта орталық 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытпақ», - деді Жанат Испаева.

Орталық қалалық №33 емханада орналасқан.

Соңғы жаңалықтар