Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Алматыда алкоголь өнімдерінің бес жасырын цехы анықталды

2019 жылғы 16 тамыз 13:37 71
Бөлісіңіз:
Алматыда алкоголь өнімдерінің бес жасырын цехы анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері алкогольдің көлеңкелі айналымын анықтауға бағытталған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға шарап және арақ өнімдерін шығаратын зауыттардың өкілдері мен спирттік ішімдіктердің дистрибьюторлары қатысты.


Дөңгелек үстел барысында басқарма басшысы Бахтияр Жүзенов спирт пен алкогольдің көлеңкелі айналымын азайту мақсатында департаменттің жедел қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын айтты. Бұл топ контрафактілік (жалған) спирттік ішімдіктер өндірумен және сатумен, жалған тіркеу, бақылау белгілерімен, сондай-ақ белгілер қоюмен айналысатын қылмыстық топтарды анықтауға бағытталған.


«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Алматы қаласының аумағында алкоголь өнімін өндіретін 5 жасырын цех анықталды. Жалған акциздік маркаларды сатудың 3 фактісі тіркелді. Нәтижесінде сотқа дейінгі 8 іс қозғалды», - деп хабарлайды департаментегілер.


Дөңгелек үстелдің қорытындысына сәйкес, Алматы қаласында спирттік ішімдіктің көлеңкелі айналымын шектеу бойынша ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT