Алматыда әлімжеттіктен жапа шеккен оқушылар өз өмірі туралы баяндады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік проблемасы бүгін Алматыда халықаралық конференция барысында талқыланған басты тақырып болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшыларды оқушылардың бірін-бірі ұрып, видеосын жариялайтын салқынқандылығы алаңдатып отыр. Жиын барысында кластастарының тепкісіне тап болған оқушылар ішкі сырын ақтарды.

16 жастағы Шыңғыс 5 жыл бұрын осындай күйді басынан өткерген.
null 

«Бұл 5-класста болды. Техникалық лицейде оқып жүрген болатынмын. Кластастарым маған қысым жасайтын. Итеріп, ұрып-соғып, мазақтап, күлкі қылатын. Қандай жағдай болмасын мен кінәлі болатынмын. Басымдағы проблемамды ешкімге айтпадым. Өзім шешемін деп ойладым. Күндердің күнінде бір досым мұны мұғалімге айтып қойды, сосын ата-анам білді. Олар мені басқа мектепке ауыстырғысы келді. Бірнеше жиналыс, олардың ата-аналарымен әңгіме өткізілді. Содан кластастарым мені келемеждеуді тоқтатты. Менен де әлсіз адам болса, ол өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін еді», - деді оқушы.
null 

Қазақстанның ЮНИСЕФ жанындағы білім беру және балалар құқығын қорғау бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Адерихина Қазақстанда әр үшінші оқушы кластастарының мазағына айналып отырғанын айтты.

ЮНИСЕФ мәліметі бойынша, Қазақстанның 40 мектебіндегі 402 оқушының 33,0%-ы, яғни әр үшінші оқушы мектептегі зорлықтың құрбаны болып отыр.
null  

«Өкінішке орай, мектептердегі әлімжеттік Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде үлкен проблема болып отыр. Барлық бала оны әке-шешесіне айтпайды. Бұл жерде кешенді әрекет керек. Ата-анасы баланың көңіл-күйіне қырағы болуы тиіс. Біз 2015 жылдан бастап оқушылардың психикалық денсаулығын қалыптастыру бойынша пилоттық бағдарлама іске қосылды. Қазір бұл жоба тестілік режімде Маңғыстау, ШҚО, ОҚО-да жұмыс жасап жатыр. Мектептерде қауіпсіздік командалары құрылды. Оған мектеп әкімшілігі, психолог, мұғалім, учаскелік полиция кіреді», - деді Қазақстанның ЮНИСЕФ жанындағы білім беру және балалар құқығын қорғау бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Адерихина.
null 

Сарапшының айтуынша, бұл бағдарлама тестілік режімнен соң Қазақстан Үкіметіне қарауға жіберіледі. Егер үкімет мақұлдаса, жоба Қазақстанның барлық мектептерінде енгізіледі.
null 

Айта кету керек, мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламасы ШҚО, Маңғыстау, ОҚО жүргізіліп келеді. Ведомствоаралық комиссия бұл жобаға Ақтөбе облысын да қосуды шешті.
null 

Соңғы жаңалықтар