Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыркүйек айында Алматыда жеке сот орындаушысы алимент өндіру ісін жүргізу барысында борышкерлерден куәгерлердің және полиция қызметкерлерінің көзінше «Mercedes Benz», «Subaru Legacy» және «Toyota» маркалы 4 автокөлікті тәркілеп, айыппұл тұрағына қойды» деп хабарлады қалалық әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Алимент бойынша жалпы қарыз - 3 158 153 теңгеге жеткен.


Әділет департаментінің хабарауынша, алдымен бағалаушы компаниялар көліктіің құнын шығарады және сол бойынша сатылады.

Сатылымнан түскен ақша алимент қарызын төлеуге жұмсалады.


Соңғы жаңалықтар