Алматыда алғашқы 10 электр автобусы рейске шықпақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Таяу күндері Алматыда жасалған 10 электр автобусы халық игілігіне беріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қаланың экологиясын жақсарту үшін біз электр көлігін енгіземіз. Электр автобусын құрау бойынша Қазақстан-Германия-Гонконг зауыты ашылды. Алматыдан шыққан алғашқы 10 автобус таяу күндері іске қосылатын болады», - деп жазды өзінің twitter-дегі парақшасында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, ол соңғы екі жылда Алматы автобус паркі 80%-ға жаңартылғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар