Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Алматыда алғаш рет түнгі велошеру өтеді

2018 жылғы 12 шілде 13:47 63
Бөлісіңіз:
Алматыда алғаш рет түнгі велошеру өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілденің 14-і күні Алматыда осы жылғы алғаш рет түнгі велошеру өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтаулық бодибилдер Қазақстан кубогының абсолютті чемпионы атанды ҚХЛ: «Амур» - «Барыс» матчын қайдан және қашан көруге болады

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін велошерудің қашықтығы 7 шақырымды құрайды. Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналуы тиіс. Спорттық шара 20:30-да басталады.

Әуесқой велошабандоздар Әл-Фараби даңғылымен көтеріліп, Тұңғыш Президент саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық - велосипед.

Қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынады.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 шараның оныншысы саналады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT