Алматыда алғаш рет семсерлесуден әлем кубогінің жасөспірімдер кезеңі өтеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда алғаш рет семсерлесуден әлем чемпионатының кіші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Almaty Jastar Saber Cup 5-6 қараша аралығында өтеді. Жарысты SADU Arena ұйымдастырады.

Бұған дейін Астанада Республика күніне арналған семсерлесуден «Астана қылышы» турнирі өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Жарысқа Алматы, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан командалар қатысуда.



Фото: olympic.kz



Соңғы жаңалықтар