Алматыда алғаш рет қоғамдық көлік жүргізушілеріне арналған 10 автостанция салынбақ

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2023 жылы Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілеріне арналған алғашқы 10 автостанция салынады. Бұл туралы Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы жылы біз алғаш рет қоғамдық көлік жүргізушілеріне арналған 10 автостанция саламыз. Оларды толыққанды автостанция деуге келмейтін шығар, алайда біз ең құрығанда кофе-шәй ішіп, дәрет алуға мүмкіндік жасаймыз. Жоба дайындалып жатыр, оған қажетті қаражатты біз биылғы жылдың бюджетінен қарастырдық. Егер мәслиххат қолдаса 2023 жылы алғашқы 10 демалыс орнын сайлаймыз»,-деді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта қаланы түгелдей қамту үшін жыл сайын осындай 10 автостанция ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар