+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда әлеуметтік желі арқылы елді алдаған екі жас жігіт ұсталды

2021 жылғы 20 қазан 12:47
Бөлісіңіз:
Алматыда әлеуметтік желі арқылы елді алдаған екі жас жігіт ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік желі арқылы елді алдаған екі жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы ҚазАқпарат тілшілері марапатталды Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мәселесі талқыланды Алматыда «Жамбыл жырау» операсының премьерасы өтті

Алматының криминалдық полициясы Instagram-да «бренд киімдерді сатамыз» деген жарнамамен адамдарды алдап кеткен екі жергілікті тұрғынды ұстады.

«Алаяқтық тізбегі өте қарапайым болған. Ұсталғандардың бірі – 25 жастағы И.есімді азамат әлеуметтік желіде «almaty.sneaker» және «top.sneakerkross» парақшасы бар. Онда ол түрлі-түсті суреттер мен жеңілдіктер туралы ақпараттар жарияланған. Ал 19 жастағы оның серіктесі болашақ сатып алушылармен байланысып, тапсырыс пен төлемдерді қабылдаған. Олар түскен пайданы тең бөлісіп алып отырған», – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, жыл басынан бері Алматыда 2 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT