Алматыда әлеуметтік жағынан аз қамтылған науқастар тегін қаралып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін әлеуметтік жағынан аз қамтылған науқастар тегін қаралып жатыр. ҚР ДСМ «Денсаулыққа қарай жеті қадам» марафоны аясында өткізіліп жатқан шара нәтижесінде алғашқы боп қалалық психонервологиялық мүгедектерге арналған интернат-үйінің 600-ге емделушісі профилактикалық тексеруден өтті.

«Көптеген әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарды қорғау мекемелерінде белгілі бір мамандардың кабинеті жоқ. Ал бүгінгі шара бойынша 12 сала мамандары, атап айтқанда, онколог, маммолог, гинеколог, лор, хирург, невропатолог, кардиолог пациенттерді қарап жатыр. Сондай-ақ, мұнда жылжымалы УДЗ, рентген қызметі де ұйымдастырылды»,- деді қалалық психонервологиялық мүгедектерге арналған интернат үйі директорының орынбасары Амангелді Садықов.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Рамазанов Манастың айтуынша, аталған акция қаланың денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар департаменті арасында өзара келісілген ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып жатыр.

«Қалада қазір әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған адамдар шоғырланған 8 мекеме: психоневрологиялық, адаптациялық орталықтар, мүгедектер мен зейнеткерлерге арналған орталықтар бар. Жылына екі рет сыртқа шығуға мүмкіндігі жоқ науқастарға осындай медициналық тексеру өткізіп тұрамыз. Біздің мақсатымыз соматикалық аурулардың алдын алып, тұрғындардың денсаулығын жақсарту болып табылады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар