Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен 50 балаға қайырымдылық жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан № 17 мектеп интернатының тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөнінде «Аяла» қайырымдылық қорының ұсынысын Almaty Resort саяжайының басшылығы қуана қабыл алды. Шипажай ұжымы балалар мерекесіне арнап арнайы алаң мен кинотеатрда тегін көрсетілім ұйымдастырды. Одан кейін балалар бассейнде демалып, синхронды жүзуден бақ сынасты. Шара соңында балаларға арнап дастархан жайылды. «Соңғы уақытта қайырымдылық саласында мынадай үрдіс белең алып барады. Біз демеушілерді іздемейміз, керісінше олар бізді іздеп жүреді. Соңғы үш жылда тәжірибе көрсеткендей, тек дәстүрлі Жаңа жыл мен балаларды қорғау күні ғана емес, басқа күндері де мереке ұйымдастыру мейірім мен махаббатқа мұқтаж балалардың көп бөлігін қамтуға мүмкіндік береді. Ал олардың көбі демеушілердің назарынан тыс қалып жатады. Құрбан айт кезінде жүздеген қойды апарып, сойып тастағаннан көрі балаларға жақсы көңіл-күй сыйлаудың түрлі әдістері мен жолдары бар. Сөз жоқ, соңғысы балаларға пайдалырақ», - деді «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов. Оқытушылар мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып өтті. «Біздің интернаттың тәрбиеленушілерін «Аяла» қоры ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Жылына 1-2 рет қайырымдылық шарасын өткізіп тұрады. Оларға деген алғысымыз шексіз», - деді интернат ұстаздары.

Соңғы жаңалықтар