Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасына тегін газ тартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасына тегін газ тартылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Евгений Пак мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысының айтуынша, халықтың әлеуметтік осал тобының тұрғын үйін газдандыру жұмыстары өткен жылы да жүргізілді.

«Былтыр 92 үйге газ ақысыз жеткізілді. Биыл 100 әлеуметтік жағынан осал отбасылардың үйін газға тегін қосу жоспарланып отыр», - деді Евгений Пак.

Бұған дейін спикер Алматы қаласы жылыту маусымына 100 пайыз дайын екенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар