Алматыда әлеуметтік тұрғын үй директоры жалғыз басты қарттардың үйлерін сатып жіберген - Прокуратура

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жалғызбасты қарттарды тонаушылардың қылмысы әшкереленді. Бұл туралы прокурор Берік Асылов баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

«Әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан қариялардың мүлкі ұрланғаны анықталды. Әлеуметтік тұрғын үй директоры бастаған топ қарттардың дәрменсіздігін пайдаланып, олардың жылжымайтын мүлігін сатып отырған», - деді Б.Асылов.

Оның айтуынша, қазір барлық деректерге қатысты айыптау үкімі шықты. Жылжымайтын мүліктер иелеріне қайтарылды.

Сондай-ақ, былтыр қалалық прокуратура бірнеше ұйымдасқан қылмыс топтарын әшкереледі. Соның ішінде АҚШ-тан контрабандалық жолмен кокаин тасыған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды. Оларды қаржыландырып отырғандардардың бірі боп табылатын 12 тұлғаға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Халықты тонаумен айналысып келген қарақшылардың бандасы әшкереленді», - деді Б.Асылов.

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтіп жатқан келімсектерге қатысты да қыруар жұмыс атқарылды.

Прокурорлық арыздармен 40 шақты жалған кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Олар шетелден заңсыз жұмысшы алдырып отырған. Нәтижесінде нәпақа іздеп келушілердің саны 23 мың адамға кеміді.

Прокуратура өкілдері жалпы жалақы қарызы 1,5 млрд. теңгеден 4 млн теңгеге азайғандығын мәлімдеді.

Сонымен қатар, қадағалаушы органның көмегімен құны 5 млрд теңге болатын 44 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар