Алматыда әлеуметтік салаға тағы 23,1 млрд теңге бөлінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың XLIII сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сессия барысында жергілікті бюджетті қайта нақтылау мәселесі көтерілді.

Әкімшілік айыппұлдардан, мемлекеттік сатып алулардан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шығындардың қайта бөлінуіне байланысты бюджет қаражаты есебінен 23,1 млрд теңге басымдықты жобалар мен әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды іске асыруға бағытталатын болды.

Оның ішінде 584,6 млн теңге денсаулық сақтау саласына, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдау үшін - 4,1 млрд теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға - 9,8 млрд теңге, қаланы абаттандыруға - 5,6 млрд теңге, қауіпсіздік шараларына - 211,3 млн теңге, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік - 1,8 млрд теңге, жол және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 826,5 млн теңге бөлінетін болады.

Соңғы жаңалықтар