Алматыда әлеуметтік өнер орталығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда астана күніне орай әлеуметтік өнер орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты дамыту үшін мегаполисте қосымша білім беру жүйесі іске қосылды.

Сондай-ақ Алматыда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру жобасы іске қосылады. Бұл 4 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік береді.

Астана күніне орай Медеу ауданы Қонаев көшесі, 25 мекенжайында «Жас талант» әлеуметтік өнер орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа білім орталығы күніне 30 баланы қабылдайды.

Жобаны жүзеге асыру үшін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жас мамандары қызмет атқарады. Олар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша орталыққа жұмысқа орналасып сабақ береді.

Биыл барлығы 4,2 мыңнан астам бала мен жасөспірімді тегін үйірмемен қамту жоспарда бар.

Жан басына қаржыландыру аясында тегін спорт секцияларымен 4,5 мың адам қамтылады.


Соңғы жаңалықтар