Алматыда әлеуметтік қажеттіліктерге 33,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
«Осы жылдың 6 айында 12,5 млрд теңге төленді, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын 137 мың адамға көмек көрсетілді. Сондай-ақ биыл халықты жұмыспен қамту орталығына 21 400 қала тұрғыны өтініш білдірді, оның 16 мыңы жұмысқа орналастырылды. Жалпы, биыл Алматыда әлеуметтік қажеттіліктерге 33,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді спикер.
Сондай-ақ, Данияр Әлкебайұлы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты.
« Сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді 3 айлық курс ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқу барысында олардың барлығына 21 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Биыл 647 алматылық кәсіптік оқуға жолдама алды»,- дейді ол.
Сондай-ақ спикер кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндерге 1,2 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар қарастырылғанын атап өтті.
«Қазір 15 адам тігін шеберханаларын, машиналарды жөндеу және басқа да қызмет көрсету салаларын ашуға грантқа ие болды»,- деді Данияр Әлкебайұлы.