Алматыда әлеуметтік қажеттіліктерге 33,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Биыл Алматыда әлеуметтік қажеттіліктерге 33,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Данияр Әлкебайұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 6 айында 12,5 млрд теңге төленді, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын 137 мың адамға көмек көрсетілді. Сондай-ақ биыл халықты жұмыспен қамту орталығына 21 400 қала тұрғыны өтініш білдірді, оның 16 мыңы жұмысқа орналастырылды. Жалпы, биыл Алматыда әлеуметтік қажеттіліктерге 33,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді спикер.

Сондай-ақ, Данияр Әлкебайұлы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты.

« Сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді 3 айлық курс ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқу барысында олардың барлығына 21 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Биыл 647 алматылық кәсіптік оқуға жолдама алды»,- дейді ол.

Сондай-ақ спикер кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндерге 1,2 млн теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар қарастырылғанын атап өтті.

«Қазір 15 адам тігін шеберханаларын, машиналарды жөндеу және басқа да қызмет көрсету салаларын ашуға грантқа ие болды»,- деді Данияр Әлкебайұлы.

Соңғы жаңалықтар