Алматыда әлеуметтанушы ғалымдардың V конгресі өтуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан әлеуметтанушыларының және «Түркітілдес елдері дамуының ұлттық стратегиялары» атты түркітілдес елдер әлеуметтанушыларының V конгресі басталды.

Мұнда «Қазақстан-2050» стратегиясы»: қоғамның әлеуметтік дамуы» тақырыбы талқылануда. «Қазақстан-2050» стратегиясында елімізді дамытуға байланысты туындаған мәселелер, соның ішінде тек қана қазақстандық қоғамды дамытумен ғана байланысты емес, сондай-ақ жаһандық әлемнің дамуына әсер ететін әлеуметтік мәселелер де жан-жақты қарастырылуда. Әлеуметтанушылар осындай мәселелерді қарастырып, олардың пайда болу түрі, ықпалы, дамуы көзқарасы тұрғысынан өздерінің түсініктемелерін беруге тиіс. Осыған байланысты, Қазақстан әлеуметтанушыларының конгресінде өтпелі кезеңді қорытындылау, үш мәрте транзиттік кезеңнен шығу, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізгі факторларын қарастыру, әсіресе, солардың ішіндегі адами-әлеуметтік капиталдың дамуына қатысты мәселелер сөз болуда», - деді ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану, дінтану институтының бас ғылыми хатшысы Әсел Назарбетова. Сондай-ақ, шара барысында Ресейдің «Социс» журналының редакторы Жанна Тощенко мен түркітілдес елдердің әлеуметтанушылары одағының президенті Хаяти Тюфекчиоглы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі Айгүл Забирова, әлеуметтану ғылымдарының докторы Сергей Коновалов сынды ғалымдар ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының Құрметті академигі атанды.

Соңғы жаңалықтар