+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда әлемдік классика мен қазақ композиторларының танымал әндері шырқалды

2016 жылғы 20 желтоқсан 13:25
Бөлісіңіз:
 Алматыда әлемдік классика  мен қазақ композиторларының танымал әндері шырқалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында «Ұлы дала сазы» мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған консерватория солистері мен ұжымы қазақ композиторлары мен әлемдік классиканың танымал әндерін шырқады. Сонымен қатар, Отан, махаббат туралы әндерді де орындап, көрермен көңілінен шықты.

null

«Ұлы дала сазы» мерекелік кешін шаң-қобыз ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлфайруз Далбағай ашты.

Дирижер Ян Рудковскийдің жетекшілігімен консерваторияның аралас хоры қазақстандық композитор А.Әбдінұровтың «Қуырмаш», О.Хромованың «Отан» шығармаларын орындады.

null

Сондай-ақ, кеште скрипкашылар ансамблі мен қобызшылар, жетігеншілер және баянда күй тартысқан шеберлермен қатар, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары Марина Алтухова, Анна Мельникова, Нұрболат Исаев пен Ерғали Ағайдаровтар өнер көрсетті.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Серік Жолдасбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT