Алматыда әлем тарихында көлемі жағынан екінші героин партиясы жойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда есірткі контрабандасымен күрестің әлем тарихында көлемі жағынан екінші героин партиясы жойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен жалпы салмағы 1,1 тоннадан асатын героиннің аса ірі партиясын жойды.

Есірткіні Комитет қызметкерлері Германияның қылмыстық кеден полициясымен бірлесіп, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Литва, Польша және Нидерланды құқық қорғау және кеден қызметтерінің көмегімен өткізген халықаралық арнайы операция нәтижесінде тәркілеген.

Осылайша, 2019 жылдың қазан айында Қазақстан аумағына «өңделген мәрмәр» деген атаумен жүк әкелінді. Нидерландыға жөнелтілген тауарды тексеру кезінде тергеушілер героин бар 2208 брикетті анықтады. Ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі транзитін Ираннан Еуропалық Одақ елдеріне өткізуді жоспарлаған.

Аталаған есірткінің бір бөлігі, Қаржы мониторинг қызметкерлерінің бақылауымен Германияға жеткізілді, мұнда тауарды алу кезінде, Түркия елінің азаматтары ұсталған болатын.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар