Алматыда әлем елдерінің ғалымдары бедеулік мәселелерін талқылауда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Алматыда бедеулікті емдеудің мәселелері талқылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бедеулікті емдеудің заманауи әдістері. КРТ: Болашағы мен қазірі» атты XІ халықаралық конгрес жұмысына Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Испания, Италия, Үндістан, Қырғыз Республикасы, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина мен Тәжікстанның репродуктивтік технологиялар саласының жетекші мамандары – акушер-гинеколог дәрігерлері, ЭКҰ орталықтарының өкілдері, андрологтар, бедеулікті емдейтін эндокринологтар, генетиктер мен молекулярлы биологтары қатысып жатыр.

«Бедеулік бұл дүниежүзілік проблема. Бүгінде еліміздегі бедеулік жиілігі орташа алғанда 15 пайызға жетіп, одан азаймай отыр. Олардың басым бөлігі көмекші репродуктивті технологияларға мұқтаж. Осы халықаралық форумда мамандар бедеуліктің дамуына әкелетін аурулардың алдын алу, бедеу некені диагностикалау мен емдеу. Әлеуметтік әділеттілікті және халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсету сияқты мәселелерді талқылайды»,- дейді Қазақстан Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Жыл сайын Қазақстанда көмекші репродуктивті технологиялардың арқасында 2500 дүниеге келеді.

«Жалпы, біздің елде көмекші репродуктивті технологиялардың көмегімен 18200 бала дүниеге келді. Осы жол арқылы бала сүйгісі келетіндер баршылық. Бізде мемлекеттен берілетін квотаға кезекте тұрғандар өте көп. Бізге 8 мың квота қажет. Әзірге жылына 1500 квота алып отырмыз», деді Вячеслав Локшин

Форум барысында, әлемнің 18 елінен келген 700-ден астам қатысушы, спикерлер, жетекші ғалымдар мен практиктер өзара тәжірбие алмасып, ортақ проблеманы шешудің жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар, шара еңберінде 50 астам жетекші медициналық техника мен дәрілік заттарды өндірушілердің және Қазақстанда белгілі ҚРТ клиникаларының қатысуымен репродуктивті медицинаға арналған көрме ұйымдастырылды.

Халықаралық конгресс жұмысы екі күнге созылады.

Соңғы жаңалықтар