+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Алматыда «Әлем барысы» басталды

2018 жылғы 2 желтоқсан 13:03
Бөлісіңіз:
Алматыда «Әлем барысы» басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарланғандай, чемпионатқа қатысатын 33 балуанның салмағы жарыс ережесіне сай 90 келіден асқан. Нәтижесінде жаңазеландиялық балуан Чико Реремоана Пембертонның таразыдағы таза салмағы 161 келіні көрсетіп, аталған турнирдегі ең ауыр балуан атанды. Ал Қазақстан намысын қорғайтын бес балуанның арасынан Нұрдәулет Жарылғапов ең ауыр салмақтағы балуандардың үздік төрттігінен көрінді. Оның салмағы - 142 келі.

Салмақтары ең ауыр 10 балуан:

1. Чико Реремоана Пембертон (Жаңа Зеландия) - 161 кг

2. Жафар Пахлеванижагхаргх (Иран) - 156 кг

3. Танель Карро (Эстония) - 143 кг

4. Нұрдәулет Жарылғапов (Қазақстан) - 142 кг

5. Айбек Нұғымаров (Қазақстан) - 142 кг

6. Лукаш Хавачек (Чехия) - 140 кг

7. Игорь Костинс (Латвия) - 127 кг

8. Томаш-Петр Талач (Польша) - 126 кг

9. Руслан Әбдіразақов (Қазақстан) - 125 кг

10. Роман Бобиков (Ресей) - 123 кг

Қазақ күресінің ережесіне сәйкес белдесудің негізгі уақытында ұпай саны тең түссе, қоянқолтық белдесу болады. Онда да жеңімпаз анықталмаған жағдайда, балуандардың салмағы өлшеніп, жеңіс салмағы жеңілге беріледі. Қазақ күресінен түйе балуандар арасындағы әлем чемпионаты Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатыр.

Чемпионатты «Qazaqstan» және «Qazsport» арнасынан тікелей эфирден көруге болады.


Фото: iqkf.org.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT