Алматыда әлдебіреулер қара топырақты заңсыз қазып алып жатқанда ұсталды

None
Фото: karier58.ru
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наурызбай ауданы Қарағайлы шағын ауданында қара топырақты заңсыз өндіру фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 наурыз күні полиция пультіне жергілікті тұрғыннан Қарағайлы шағын ауданында селден қорғайтын су айдынының оңтүстік-батысында қара топырақты заңсыз өндіріп жатқандар туралы шағым түсті.

Белгілі болғандай, жер телімі жеке меншікте.

«Ауданның табиғат қорғау полициясының қызметкерлері экология бөлімімен бірлесіп құқық бұзушылардың алдын алды. Бұл мәселе Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау, аудан прокуратурасының және әкімдіктің бақылауында. Аудан әкімдігі осындай фактілердің алдын алу, оның ішінде темірбетон конструкцияларын, бейнебақылау жүйелерін орнату және тағы басқалары арқылы кірме жолдарды жабу бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдап жатыр»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, осындай әрекетке барғандарға ҚР Әкімшілік кодексінің 337-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар