Алматыда алдағы демалыс күндері ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

None
Фото: Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 10-11 маусым күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, алдағы демалыс күндері Алматыда сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жәрмеңке ұйымдастырылады.

Оған Алматы облысының аудандарындағы (Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ) шаруа қожалықтары мен Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 50-ден астам өнім (сүт, жеміс-көкөніс өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және мал майы және басқа), барлығы 300 тоннадан астам өнім болады.


Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мына мекенжайда өтеді:

- Алмалы ауданы (Гоголь мен Масанчи көшелерінің қиылысы) – 118 сауда орны;

- Бостандық ауданы («Қазақфильм» шағын ауданы) – 85 сауда орны;

- Әуезов ауданы (Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы) – 61 сауда орны;

- Медеу ауданы (Меңдіқұлова мен Бектұров көшелерінің қиылысы) – 10 сауда орны, (Шевченко мен Қонаев көшелерінің қиылысы) – 30 сауда орны.

«Жәрмеңке апта сайын демалыс күндері өткізіледі. Жыл басынан бері 264 жәрмеңке болды. Өнімнің өзіндік құны орташа қалалық бағадан 15-20% төмен», - деп хабарлады қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар