Алматыда алаяқтық жолмен аккаунт сатқан ер азамат ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Instagram әлеуметтік желісінде аккаунт сатқан алаяқты ұстады. Ол адамдардың сеніміне кіріп, ұсынған қызметі үшін ақша алып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Әуезов аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі 1995 жылғы М. атты азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу материалдарын зерттеп жатыр, ол әлеуметтік Instagram желісі арқылы әртүрлі қызмет түрлеріне арналған аккаунттарды арзан бағамен сатып келген. Клиенттерге уақытша пароль беріп, әрқайсынан пошта арқылы 100 мың теңгеден алған. Содан кейін, парольдерді қалпына келтіріп, клиенттерді бұғаттап тастаған. Кейін бұл істерге ешқандай қатысы жоқтығын айтып ақталған. Күдіктінің құрығына 10-нан астам адам түсіп, алданған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізілуде. Қазір ол Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Осы адамның қылмыстық әрекеттеріне куә болған немесе алданған азаматтар болса мына телефондар арқылы хабарласыңыз: 298-53-00; 298-53-01; 298-53-05 және 8-775-728-50-55», - дейді Әуезов ауданы ІІБ бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Тұрыспаев.

Соңғы жаңалықтар