Алматыда Алатау ауданының бұрынғы әкімі екі айға қамалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев және оның бұрынғы орынбасары Саят Ағыбаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сотқа дейінгі тергеу органы санкция беру үшін тергеу сотына жүгінді. Тергеу сотының қаулысымен күдікті Шахмерден Рыспаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - деді Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері.
Алатау әкімінің орынбасары Саят Ағымаев та осы мерзімге қамалды.
Естеріңізге салайық, 2020 жылы 18 қаңтарда Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын әшкереледі.
Олар 2019 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген. Сондай-ақ, кейін Алатау ауданы экс-әкімін тұтқындау сәтінің видеосы тарады.
- Алматының бірнеше шағын ауданында суық су болмайды
- Алматыда карантин режимін бұзғандарға 3,5 млн теңгеге айыппұл салынды
- Пандемия кезінде кәсіпкерден 14 млн теңге пара алған шенеунік сотталды – Қостанай
- Қостанайда мемлекеттік сатып алуды тексеру кезінде 300 млн теңге үнемделді
-
Мүлік иелерінің бірлестігін қалай құруға болады: Алматы әкімдігі түсіндірді
-
Ақан Сатаев парақорлар туралы әлеуметтік ролик түсірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам