Алматыда Алаш тарихының ақтаңдақтарын ашатын бірнеше кітаптың таныстырылымы өтті - ФОТО

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін Алаш тарихының ақтаңдақтарын ашуға септесетін бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті.

Атап айтқанда, Асфендияр Кенжиннің «Сборник документов и материалов», Н.Асқарұлының «Төребек Османұлы - тұңғыш банкир», А.Лекерованың «Первый экономист, профессор Әзімбай Лекеров», Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Құдайберген Жұбановтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері» атты туындылар таныстырылды.

Алаш зиялыларының өмірі мен қызметін зерттеуді «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы жүзеге асырған. Ал, шығармалардың жарық көруіне «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнес демеушілік көрсетті.

«Әділет» қоғамы бүгінде тарих ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосып отыр. Осыдан бес жыл бұрын Жаңалық елді мекенінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың қорымын анықтап, сол аймақтың мемориалдық кешенге айналуына тікелей ықпал еткен болатын. Біздің ұйым осы уақытқа дейін Қазақстан тарихының маңызды кезеңі репрессия жылдары жайлы мол мағлұмат жинады. Бұл деректер, әлбетте, алаш зиялыларының өмірін зерттеуде өз пайдасын тигізеді», - деді «Әділет» қоғамының басқарма мүшесі Елена Глебанова.

Ал қазақтың тұңғыш экономисі Әзімбай Лекеров туралы оның қызы Айседора Лекерова баяндап берді.

«Менің әкем мемлекеттік қайраткер, лингвист, аудармашы, профессор болған. Осындай зұлмат жылдарда қаншама қазақтың арыстарына аштық пен ұжымдастыруды жасауға үлесін тигізуге тура келді. Алайда, менің әкем бұл науқандардың ешқайсысына қолын тигізбеген. Мен бұны мақтан тұтамын», - деді Айседора Лекерова.

Соңғы жаңалықтар