Алматыда әл-Фараби орталығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Әбу Насыр әл-Фараби атындағы кітапхана–орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, білім министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, БҰҰ және ЮНЕСКО, ИЫҰ, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері, танымал шетелдік және отандық ғалымдар, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.


Тұсаукесер барысында қонақтар ұлы ойшылға арналған мұражай экспозицияларымен танысты, оның шығармалары қойылған көрмені, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Абай мен Алаш қозғалысының қайраткерлеріне, сирек кездесетін және құнды кітаптар қорына арналған сандық залды аралап көрді.

Бүгін әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу басталады.


Соңғы жаңалықтар