Алматыда Әл-Фараби даңғылының бойында жол апаты азайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырым жылдамдық режімі енгізілген соң жол апатының саны азайды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев айтты.

«Бізде Әл-Фараби және шығыс айналма жолында жол апатының саны азайды. Ал Саин көшесінде жол апатының саны аздап артқан. Қазір жүргізушілер азды-көпті жол ережесін сақтай бастады. Оған жол бойындағы камералар ықпал етіп жатыр», - деді Ж.Мұраталиев.

Мұның алдында Алматыда Әл-фараби даңғылында сағатына 80 шақырым жылдамдық қайта енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар